Аягүл Миразова: Қазіргі жастар бізден екі есе артық еңбек ету керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аягүл Миразова: Қазіргі жастар бізден екі есе артық еңбек ету керек

26.05.2017

Қазақстанның Еңбек Ері, Құрметті ұстаз Аягүл Миразова бағдарлама қонағы болды. Бағдарлама барысында жас түлектер туралы сөз қозғалды. 

«Мектеп бітіргеніме өткен жылы 50 жыл толды. 14 оқушы едік. Тату болдық. Бізді оқытқан ағайымыз, мектеп директорын іздеп бардық ауылға. Ағайымызға құрмет көрсетіп, өмірден өткен ұстаздарға ас беріп, мектепке жабдықтар алып бердік. Көмегімізді аямаймыз. 50 жыл өтсе де, барған кезде оқушы болып қалдық», - дейді. 

Еліміздің білім беру ісіне ұшан-теңіз үлес қосқан ұстаз сондай-ақ, жастарға «Сіздер бұрынғы Қазақстан емес, Тәуелсіз Қазақстанның ұлы мен қызысыңдар! Бастарыңды көтеріп, кеуделеріңді, еңселеріңді тік ұстап,  елді көгерту керек. Бізден екі есе артық еңбек етулеріңіз керек. Елдің байлығына ие болатын сіздерсіздер!», - деген ақылын жеткізді.

Хабарламаларға жазылу