Аягүл Төреқызы: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру:» бағдарламасы – халықтың көңілін бөлеген үлкен дүние - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аягүл Төреқызы: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру:» бағдарламасы – халықтың көңілін бөлеген үлкен дүние

02.04.2018

ҚР Тұңғыш Еңбек Ері, «Алтын жұлдыз», «Отан» ордендерінің иегері, Миразова Аягүл Алматы студиясының қонағы болды.

Аягүл Төреқызы 1991 жылы Алматы қаласында Ыбырай Алтынсарин атындағы білім мектебінің негізін қалап, ұзақ жылдар сабақ берді. Бүгінгі таңда ол құрметті демалыста.  

«Мектеп өзіңнің балаң секілді. Сондықтан мектептің биікке жетуіне біраз еңбек сіңірдім деп айта аламын. Енді мектептің одан да биікте көрінуіне, еліміз қойған талаптарға сай болуына,  өз үлесімді қосып жатырмын.

Мектеп оқушыларының жетістіктері жақсы. Жыл бойына балалардың көрсеткіштері жақсы, жарыста біршама жетістіктеріге қол жеткізуде. Ұстаздар мен оқушылардың бірлескен еңбектері ақталып, еліміздің үлкен азаматы болуына тілектеспін.

Оқулық – ата-ананың, баланың және ұстаздың басты құралы. Оқулықтарға өзгеріс енгізетін реформаның көп болып жатқаны рас. Ел дамыған сайын қай салада болса да өзгерістер болуы керек. Алайда олар оңды болғаны жөн.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру:» бағдарламасы – халықтың жүрегін жылытып, көңілін бөлеген үлкен дүние. Рухани жаңғыру отбасынан басталады. Одан әрі қарай тәрбиені мектеп ұстаздары жалғастырады. Сондықтан бірінші тәрбиеде, екінші оқулықта өріліп берілуі керек», - дейді қонақ.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу