Астанада жас ғалымдар марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жас ғалымдар марапатталды

19.11.2018

Ел ғалымдары Қазақстандағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің құпиясын зерттеп жатыр. Үздік ғылыми жобалар Астанада өткен халықаралық форум аясында марапатталды. «Көпэтносты қоғам және заманауи мемлекет: даму стратегиялары» атты форумда ғалымдар мен сарапшылар Елбасы саясатының сырын талқылады. Жалпы, республикалық байқауға 22 ғалымның жұмысы түскен. Қазылар алқасының шешімімен үздік 4 жоба авторы жеңімпаз атанып, жүлделі болды.  

Қарлығаш Қаршығақызы, жас ғалым:

Бұл - біз сияқты жас ғалымдарға шабыт сыйлайды және тәжірибе алмасу. Мен екі жыл зерттеу жүргіздім. Осының нәтижесінде конкурста ғалымдармен тәжірибе алмастым деп ойлаймын.  

 

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу