Астанада жас ғалымдар марапатталды

26.12.2017

«Нұр Отан» партиясы NURINTECH-2017 инновациялық жобалар байқауын қорытындылады. Үміткер ретінде мыңнан астам жұмыс тіркелген. Үздіктері анықталып, авторлары қомақты сыйлыққа ие болды. Қабылданған жұмыстардың бағыттары да сан түрлі. ІТ саласы, энергетика, химия, нанотехнология және тағы да басқа. Мәселен, қарағандылық Ербол Шабановтың жұмысы көмір қалдығын қайта балқытып, металға айналдыруға мүмкіндік береді. Бұл, тіпті, шетел ғалымдарының да қызығушылығын тудырып отыр.

Ербол Шабанов, Химия фероқорытпалар және тотықсыздану үрдістері зертханасының жетекшісі:

- Қазақстанда жылына 100 миллион тонна көмір өндіреді. Сол көмірмен қоса, халық тұрмысында қолданылмайтын жоғары күлді көмірлер де түзіледі. Біз оларды арнайы орындарда, полигондарда сақтауға мәжбүрміз. Ол өз кезегінде экологиялық апатқа соқтыруы мүмкін. Біз оны металлургиялық жолмен металургиялық пеште балқытып, металл алу технологиясын жасап шығардық.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу