Павлодарда үздік жас ғалымдар марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда үздік жас ғалымдар марапатталды

30.10.2015
Павлодарда үздік жас ғалымдар марапатталды

«Кенжекөл жастары» қоғамдық бірлестігі Павлодар облысы жас ғалымдар кеңесімен бірлесіп, Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың қолдауымен «Жас ғалым» облыстық жастар байқауын өткізді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Бүгін барлығы бес жоба таныстырылды. Олардың әрқайсысы өзекті әрі қызығушылық тудырады. Бұл жобалардың барлығын қолдана алмағанмен, екі-үш жұмыс көпшіліктің назарына жол тартады», - деді Павлодар облысы әкімінің орынбасары Ғани Сәдібеков.

«Ең жас PhD докторы» аталымында Ирина Чедунчи «Тұзды көлдердегі артемий экологиясы. Оларды рационалды қолдану бойынша ұсыныс әзірлеу» жобасын көрсетті. Жас ғалымның айтуынша, облыстың 14 ірі ащы-тұзды көлінде жұмыстың эксперименттік бөлігі орындалған. Мұндағы басты мақсат – шаяндарды аулау бойынша нақты мәліметті анықтайтын жаңа әдіс ұсыну.

«Бұл жергілікті тұрғындар мен көлдерге иелік ететін табиғат пайдаланушылар үшін өте маңызды. Әдістемеге шаяндардың саны мен көлді зерттеу енеді. Біз оларды қанша әрі қай жерде аулау қажет екенін жақсы білеміз», - И. Чедунчи.

 

Хабарламаларға жазылу