Астанада жас сақшылар марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жас сақшылар марапатталды

30.10.2015
Астанада жас сақшылар марапатталды
Қалалық Жастар саясаты басқармасы мен Ішкі істер департаментінің мұрындық болуымен ашылған ұйымға биыл 300-ге жуық студент қабылданған.

Кәсіби және жас тәртіп сақшылары биыл наурыздан бастап, 15 алдын алу және арнайы жатақханаларға 5 рейд ұйымдастырған.
Нәтижесінде қалада 502 құқық бұзушылық анықталып 280 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Университет пен колледж тәлімгерлерінің құқықтық жұмыстарға белсене араласуы жастар арасындағы қылмысқа да тосқауыл болады, дейді мамандар.

Айбар ЖАҚСЫБАЕВ

Хабарламаларға жазылу