Алматы облысының Жамбыл ауданының құрылғанына биыл - 90 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының Жамбыл ауданының құрылғанына биыл - 90 жыл

13.11.2018

«Ақындар мен батырлар елі» атанған Алматы облысының Жамбыл ауданының құрылғанына биыл - 90 жыл. Ауыл шаруашылығын өркендетіп отырған өлке қазір осы сала бойынша аймақта алдыңғы қатарлы аудандардың бірі. Оған қоса, әлеуметтің де әлеуеті еш төмендеген жоқ. Өндірісте өсім, елдің рухани өмірінде өзгеріс бар.

Ауданның 90 жылдығына арналған мерейтой алдымен жыр алыбы Жамбыл Жабаев пен Қарасай батыр ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Бұдан кейін айтулы датаға орай арнайы ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Алқалы жиында белді ғалымдар ғасырға жуық тарихы бар өлкенің өткені мен бүгінін саралап, баяндама жасады.   

Бағдат Әлиев, Жамбыл ауданының әкімі:

- 90 жылға дайындығымызда ауданның ішкі көрінісі, елдің жағдайы жақсарып, халықтың тұрмыс-тіршілігінің жоғары деңгейге жетті деген есебі есептеледі. Соның өзінде бюджеттік қаражаттан қазір тек қана жолды жөндеуге 1 млрд-тың үстінде қаржы жұмсалды. Ал, енді денсаулық сақтау саласына биылдың өзінде 6 млрд. теңге қаржы бөлінді.  

Жалпы, Жамбыл ауданының халық саны осыдан он жыл бұрын 100 мыңға жуық еді. Осы аралықта өңір әлеуметінің әлеуеті жақсарды. Өнеркәсіп орындары көптеп ашылды. Құрылыс қарқын алды. Сондықтан, мұндай өркендеу жолы демографиялық өсімге де септігін тигізді. Соңғы есепке сүйенсек, қазір 170 мыңнан астам тұрғын бар.

Әскербек Абаев, Жамбыл аудандық Мәслихаттың депутаты:

- 90 жыл бұл үлкен тарих. Өткенді білмесең, келешегің бұлдыр болады дейді. Сондықтан, оның барлығын көрсеткен, айтқан жақсы. Халқымыз өте жақсы еңбек етіп жатыр.

Тоқсаныншы жылдардың тоқырау тұсында жергілікті жұрт егін мен мал шаруашылығынан бір елі ажырамады. Қазір көпшілік сол кезде төккен тер мен еткен еңбектің берекесін көріп отыр. Сондықтан, Алматы облысында осы екі салада көш ілгері тұрған аудандардың біріне айналды. Енді өлкенің беделді кәсіпкерлері өңдеу өнеркәсібіне басымдық беріп, 8 мың тонна ет өндіретін орталық ашпақшы.

 

Алмат ӘБДІРАМАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу