Алматы хайуанаттар бағының құрылғанына биыл – 77 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы хайуанаттар бағының құрылғанына биыл – 77 жыл

25.09.2014
Алматы хайуанаттар бағының құрылғанына биыл – 77 жыл

Алматы хайуанаттар бағының құрылғанына биыл – 77 жыл. Осыған орай «Таңшолпан» студиясында ҚР Мәдениет қайраткері, Алматы хайуанаттар бағы директорының орынбасары Амантай Берғалиев қонақта болды.

Дүниежүзінде 850-ден астам, ал ТМД елдерінде 33 хайуанаттар бағы бар екен. «Алматы хайуанаттар бағы осы ТМД елдерінде үздік үштікке енеді. Жақында Мәскеу зообағының 150 жылдығы болды. Соған бізден арнайы делегация барып қайтты.  Сол шара барысында халықаралық конференция өтіп, біздің Алматының зообағын ерекше атап кеткен еді. Мұны біз мақтан тұтамыз. Тек ТМД елдері ғана емес, бүкіл дүниежүзі біздің хайуанаттар бағымен санасады», - дейді Амантай Берғалиев.

«Шетелден алып келген аң-құстарды біздің елдің климатына бейімдеу үшін арнайы карантиндік шаралар өткізіледі. Көбі тез бейімделіп кетеді. ТМД елдері арасында керіктен біз екі жыл сайын төл алып отырмыз. Бұл тек бізде ғана. Естеріңізде болса, алдыңғы жылы Алатау атты керіктің баласы дүниеге келген. Кеше ғана тағы бір керіктің төлін «қырқынан» шығардық. Біз төлдерді 40 күнге дейін ешкімге көрсетпеуге тырысамыз»,- дейді жануарлар жанашыры.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу