Анкара қаласында Алматы облысының өнерпаздары концерт қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анкара қаласында Алматы облысының өнерпаздары концерт қойды

24.07.2017

Биыл Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа - 25 жыл. Осы аралықта бауырлас екі мемлекеттің арасында экономикалық әрі рухани байланыс нығая түсті.  Атаулы датаға орай, Анкара қаласында Алматы облысының өнерпаздары концерт қойды. Жамбыл ауданының «Сүйінбай сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі халық әндері мен классикалық шығармаларды орындады.

Сондай-ақ, жетісулық өнерпаздар түбі бір Түрік композиторларының туындыларын да шырқады. Ал, қос мемлекеттің рухани-мәдени саладағы ынтымағын арттыратын мұндай шаралар одан әрі жалғаса бермек.

 

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу