Алматы облысында Жамбыл Жабаев ескерткіші ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында Жамбыл Жабаев ескерткіші ашылды

23.05.2018

Алматы облысы Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылының кіреберісіне қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, жыршы Жамбыл Жабаевтың ескерткіші орнатылды. Оның ашылу салтанатына бір топ зиялы қауым өкілдері мен ақынның ұрпақтары қатысты. Ескерткіш «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы бойынша қаланды. Себебі, ескерткіш тұрғызу идеясын қолдағандар көп болды. Жиналғандар баба рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. 

Әскербек Абаев, Алматы облысының Құрметті азаматы:

- Биыл 300-ге жуық жеке азамат әртүрлі дәрежеде қордың қоржынын толықтырды. Сөйтіп 85 миллион теңгеден астам теңгеден қаржы жиналды. Алматы облысының әкімдігі де бұл шараға тікелей қолдау көрсетті. Бәріне шексіз алғыс білдіреміз. Барлықтарыңызды Жамбыл бабамыздың киелі рухы қолдай берсін.

 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу