Ғалым-ұстаз Сағатбек Медеубекұлы 60 жасқа толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалым-ұстаз Сағатбек Медеубекұлы 60 жасқа толды

06.11.2018

Ақын, ғалым-ұстаз, филология ғылымдарының кандидаты Сағатбек Медеубекұлы 60 жасқа толды. Осыған орай, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Заман сөздегі ғылыми стиль және журналистік таным мен талғам» атты конференция өтті. Басқосуда белгілі қаламгерлер қазіргі ақпарат кеңістігінің тыныс-тіршілігі мен жаңа медианың мүмкіндіктерін талқылады. Журналистік білім берудің ерекшеліктері мен мерейтой иесінің осы салаға сіңірген еңбектері жайлы сөз қозғады. Ал, университет ректоры Сағатбек Медеубекұлын әл-Фараби атындағы күміс медальмен марапаттап, ұлағатты ұстаздың жас журналистерді дайындау ісіне сәттілік тіледі.

Нұрлан Оразалин, ақын:

- Сағатбектің ұлтты тану мен зерделеудің сыртында жүрегіне тұмар қылып түйген қасиеті - қазақ журналистикасында шәкірт дайындау.

 

Аманкелді СЕЙТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу