Белгілі ғалым Рақымжан Тұрысбек 60 жасқа толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Белгілі ғалым Рақымжан Тұрысбек 60 жасқа толды

22.06.2018

«Профессор Рақымжан Тұрысбек және ұлттық әдебиеттану мәселелері». Астанадағы Еуразия Ұлттық университетінде осындай атаумен ғылыми конференция өтті.  Белгілі филолог ғалымның 60 жас мерейтойына орай ұйымдастырылған іс-шарада оның еңбектері сараланып, әдебиеттану ғылымына қосқан еңбегі айтылды.

Рақымжан Тұрысбек қазақ әдебиеті жайлы көптеген кітап пен зерттеудің авторы. Ол әсіресе, көрнекті жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығын терең зерттеген. Конференцияда ғалымның жаңа кітаптарының да тұсауы кесілді. 

Сәмен Құлбарақ, профессор, филология ғылымдарының докторы:

- Ол сонау тоқсаныншы жылдары еліміздің қиын кезеңіне қарамастан, архивтерде отырып, қалаларға барып Жүсіпбек Аймауытовтың өміріне, шығармашылығына қатысты  толымды зерттеу жұмыстарын жүргізді. Әрине, Р.Тұрысбектың ғылымға қосқан үлесі мұнымен шектелмейді. Қазіргі әдебиеттану ғылымындағы барлық процестерге, кезеңдеріне жан-жақты тоқталу үстінде. 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу