Композитор Бейбіт Оралұлы 60 жасқа толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Композитор Бейбіт Оралұлы 60 жасқа толды

03.06.2015
Композитор Бейбіт Оралұлы 60 жасқа толды

«Нұр бейнең», «Ауылға», «Түркістан» атты әндері халық арасында кеңінен тарады.

Еліміздің әншілері Бейбіт Оралұлының ұлттық бояуы қанық әндерін халықаралық конкурстарда орындап жеңіс тұғырынан көрінді. Ал, өнер иесінің «Боз жорға» әні «НАНА» тобының орындауында әлемге танылды.

Композитордың 60 жасқа толуына орай туған жері Атырау облысында «Бейбіт Оралұлының жүз әні» жинағы дайындалу үстінде.

Ән жинағына композитордың өмірбаяны және әндерінің нотасы енгізіледі. Көлемді жинақ қазақ ән өнерін зерттеушілер мен шәкірт тәрбиелейтін тәлімгерлерге көмекші оқу құралы ретінде пайдаланылады.  

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу