Түркістан облысында Польша инвесторлары жылыжай құрылысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында Польша инвесторлары жылыжай құрылысын бастады

05.11.2018

Түркістан облысының Сайрам ауданында Польша инвесторлары жылыжай құрылысын бастады. Оған 13 миллион еуро жұмсалады. Бұл жоба «Kazakh Invest» және жергілікті биліктің қолдауы нәтижесінде жүзеге асып отыр. Жылыжай құрылысы бір айда бітпек. Кешенге 150 адам жұмысқа орналасады. Оған егілетін қияр мен қызанақтан келер жылдың қыркүйегінде алғашқы өнім алу көзделіп отыр. Бақша гидропоника әдісімен өсіріледі. Жылыжайдан жиналған өнім Ресей мен Қытайға экспортталады. Инвесторлар сондай-ақ, жоба сәтті басталса, оның екінші кезеңін жүзеге асыруға да ниетті. Ол кезде кешенде 300-ден астам адам жұмыс істейді деп жоспарланған. 

Аркадиуш Якубчук, «Kazakh Invest» ҰК Польша және Орталық Еуропадағы өкілі:

- Польшалық инвесторлардың Қазақстанға қызығушылығы ерекше. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында екіжақты тиімді жобаларды жүзеге асыруға ықыласты. Жыл соңына дейін Қазақстанға агроөнеркәсіптік жобалары бар тағы бірқатар польшалық компания басшылары келетін болады. 

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу