Түркістан облысының Сарыағаш ауданында экзотикалық ағаштар жеміс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында экзотикалық ағаштар жеміс берді

09.01.2024

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында экзотикалық ағаштар жеміс берді. Шаруалар банан мен папайяны жерсіндіріп, өнім ала бастады. Жылыжайда авакадо, мандарин, зәйтүн майы секілді түрлі өсімдіктің көшеті отырғызған. Оларға қажетті тыңайтқышты да өздері өндіреді. Шаруалар алдағы уақытта тропикалық жемістердің көшетін көбейтіп, тұрақты өнім алу үшін жылыжай аумағын ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Хабарламаларға жазылу