Асқар Мамин Нидерландының жетекші компания өкілдерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асқар Мамин Нидерландының жетекші компания өкілдерімен кездесті

03.06.2021

Асқар Мамин Нидерландының жетекші компания өкілдерімен агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелерін талқылады. Тараптар саласындағы ынтымақтастықты дамыту келешегін, оның ішінде Қазақстанның жылыжай кешендерін, тұқым шаруашылығын және ауыл шаруашылығының басқа да секторларын дамыту және инновациялық технологияларды енгізу перспективаларын талқылады. Келіссөз қорытындысы бойынша жеміс-көкөніс шаруашылығы мен картоп өндірісін, өсімдіктерді биологиялық қорғау құралдарын дамыту, жылыжай кешендерін салу, Түркістан облысында демонстрациялық станция мен жоғары технологиялық-зерттеу орталығын салу бойынша бірлескен жобаларды іске асыруды көздейтін келісімдерге қол қойылды. Аталған жобалар бойынша экономикаға салынған инвестициялардың жалпы сомасы 100 млрд теңгеден асады.  

Хабарламаларға жазылу