Ақын Тәкен Әлімқұловтың туғанына - 100 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақын Тәкен Әлімқұловтың туғанына - 100 жыл

30.10.2018

Биыл Алашқа белгілі ақын, сыншы, әдебиет зерттеушісі Тәкен Әлімқұловтың туғанына - 100 жыл. Осыған орай, Алматыдағы Жазушылар одағында кең көлемді мәдени шара өтті.

Ұлт мақтанышын еске алып, ақын мұраларын насихаттауға арналған жиынға белгілі қаламгерлер қатысты. Олар ерекше дарын иесінің қазақ руханиятына сіңірген еңбегі жайлы ойларымен бөлісті. Ал, ақынның туған жері Созақ ауданынан арнайы келген делегация көрме ұйымдастырып, көрнекті жазушының мұраларын көпшілікке ұсынды. Айта кетерлігі, 12 жылдан бері аудан, облыс көлемінде дәстүрлі «Тәкен оқулары» өтіп келеді.   

Берік Тұрғанбаев, Тәкен Әлімқұлов атындағы лицей-интернатының директоры:

- Жалпы, Тәкен ағамызды ақын деп қана емес, әдебиет сыншысы деп те білеміз. Оның әлі де зерттелетін еңбектері көп.

Аманкелді СЕЙТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу