Бүгін – ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Хамит Ерғалиевтің туғанына 100 жыл  - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Хамит Ерғалиевтің туғанына 100 жыл 

13.10.2016
Бүгін – ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Хамит Ерғалиевтің туғанына 100 жыл 

14 қазан, жұма, 2016 жыл

Стандарттаудың халықаралық күні

1946 жылғы қазанның 14-інде Халықаралық стандарттау ұйымын құру туралы шешім шықты.

Халықаралық апатты зілзалалардың қаупін азайту жөніндегі күні

1989 жылғы 22 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 44/236 қарарымен қазанның екінші сәрсенбісін Апатты зілзалалардың қаупін азайту жөніндегі халықаралық күні деп жариялаған қаулы шығарды.

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

77 жыл бұрын (1939) Жамбыл облысы құрылды. Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Облыстың әкімшілік орталығы - Тараз қаласы.

j.j

22 жыл бұрын (1994) Астананың Революция көшесінде (қазіргі Сейфуллин к-сі) ақын Сәкен Сейфуллиннің 100 жылдық мерейтойына орай ескерткіші ашылды.

7 жыл бұрын (2009) Қазақстанда www.yandex.kz порталының іздестіру жүйесі ашылды. 

j,kj.k

2 жыл бұрын (2014) Грекияда қазақтың қоғам қайраткері, жазушы Сәкен Сейфуллинге қатысты 1930 жылдардағы кезеңдегі латын әліпбиінде жазылған құжаттар табылды.

173 жыл бұрын (1843) Мендельсонның «Үйлену маршы» алғаш рет орындалды.

165 жыл бұрын (1851) Англияда әлемдегі ең ірі ақпарат агенттіктерінің бірі «Рейтер» құрылды.

156 жыл бұрын (1860) Петерборда опералық Мариин театры ашылды.

90 жыл бұрын (1926) ағылшын жазушысы Алан Милннің «Винни-Пух туралы» кітабы жарық көрді.

 

ЕСІМДЕР

 

36 жыл бұрын (1980) спортшы Ардақ НАЗАРОВ  дүниеге келді.

k/

52 жыл бұрын (1964) жазушыдраматург Роза МҰҚАНОВА  дүниеге келді.

l';\;

70 жыл бұрын (1946) ақын Айтуар ӨТЕГЕНОВ  дүниеге келді.

;/l;/

85 жыл бұрын (1931-2002) құрылыс инженері, техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы Қуанғали ҚУАТБАЕВ  дүниеге келді.

103 жыл бұрын (1913-1999) ақын, жазушы Герберт ГЕНКЕ  дүниеге келді.

111 жыл бұрын (1905-1972) халық ақыны, күйші, әнші Мұзарап ЖҮСІПОВ  дүниеге келді.

100 жыл бұрын (1916-1997) ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Хамит ЕРҒАЛИЕВ  дүниеге келді.

]]

Хабарламаларға жазылу