Жазушы Тәкен Әлімқұловтың туғанына - 100 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазушы Тәкен Әлімқұловтың туғанына - 100 жыл

22.11.2018

Қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік жазушының бірі - Тәкен Әлімқұлов. Проза әлеміне атақты «Ақ боз ат» шығармасымен келген жазушы қазақ көркем сөзін құлпыртып, мәйегін ұсынған талғампаз суреткерлігімен дараланып, классиктер қатарынан орын алды.

60-қа жуық әңгіме, 7 повесть, 2 роман жазған қаламгер әр туындысына ұлттық өнер мен салт-дәстүрді , қазақы болмыс6 мінезді терең біліммен, шырайлы тілмен суреттеді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ жерінде 1918 жылы дүниеге келген Тәкен Әлімқұлов Мәскеудегі Максим Горький атындағы Мемлекеттік институтында білім алған. Жазушылықпен қоса әдебиет сынымен айналысқан қаламгер қазақ прозасында күй тақырыбын биікке көтерді.

Классикалық әдебиеттің озық тәжірибесі мен ұлттық тақырыпты шебер ұштастырған Әлімқұловтың шығармашылығын зерттеп-зерделеу, әрі жас ұрпақтың тануына жол ашу бүгінгі әдебиет сыншыларының борышы десе де болады.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу