Сенаторлар нақтыланған бюджетті талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенаторлар нақтыланған бюджетті талқылады

24.10.2018

Сенаттың Қаржы және бюджет жөніндегі комитеті 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылады. 2018 жылға мұнай бағасы барреліне 55 доллардан 60 долларға өзгертілгені белгілі. Сондай-ақ, нақтыланған бюджетте экспорт бойынша түсімдер болжамы 2,6 миллиард теңгеге артып, импорт керісінше 1 миллиард теңгеге дейін азайды. Алдағы екі жылға арналған нақтыланған бюджет туралы заң жобасы палата қарауына берілді.

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі:

- Жекешелендіру нәтижесінде ұлттық қорға биыл 120 миллиард теңге түсуі керек еді. Қазір бұл жоспар өзгеріп, 17 миллиард түседі деп жоспарладық. Түсімдер ІРО нәтижесінде болады деп күтілген. Алайда, мемлекеттік комиссия шешімімен ІРО алдағы жылдары өтетін болып шешілді.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу