Мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс барысы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс барысы талқыланды

22.10.2018

Мемлекеттік мекемелерде компьютерлер кешкі сағат 18:30-да автоматты түрде өшетін болады. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев осы мәселені көтерді. Қызметкерлер жұмыс пен жеке өмірлерінің арасындағы балансты сақтаулары керек. «Мәселені қатаң бақылауда ұстауымыз керек», - деді ол. Агенттіктің алқа отырысында Елбасы Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру тетіктері де талқыға түсті. Сондай-ақ, Алик Шпекбаев қоғаммен байланыстың заманауи тәсілдерін жетілдіруді тапсырды.

Алик Шпекбаев, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

- Өткен жылдың соңында мен әлеуметтік желіде өзімнің жеке парақшамды және ұсыныстарды қабылдау үшін пошта аштым. Осы уақыт аралығында әлеуметтік желі деген ақпаратпен алмасудың, қоғаммен жұмыстың таптырмас құралы екендігін түсіндім. Орталық аппарат департаменттерінің және агенттіктің өңірлік бөлімдерінің басшыларына қызметтік парақшалар ашуды тапсырамын. Осылайша, біз қоғамдағы мәселелерді нақты біліп, сапалы әрі ашық жұмыс істей аламыз.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу