Қызылордада жол-көлік апаты салдарынан 4 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада жол-көлік апаты салдарынан 4 адам қаза тапты

03.10.2018

Оның үшеуі оқиға орнында, біреуі аурухананың жан сақтау бөлімінде қайтыс болды. Көліктегі жолаушылар туралы әзірге нақты мәлімет жоқ. Бірақ, бейресми ақпарат бойынша, жолаушылардың арасында әскери бөлім қызметкерлері де болған.  Екі көліктің де жүргізушісі бұған дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған.

Әміржан Өтегенов, облыстық ІІД басқарма басшысы:

- «ВАЗ» және «Шансиман» автокөліктерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы дерегіне байланысты ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен тергеп-тексеру басталды. Қазіргі таңда тиісті сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары толық анықталуда.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу