АҚШ-та автомобиль велосипедшілер тобын қағып кетті, 8 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та автомобиль велосипедшілер тобын қағып кетті, 8 адам қаза тапты

08.06.2016
АҚШ-та автомобиль велосипедшілер тобын қағып кетті, 8 адам қаза тапты

Американың Мичиган штатындағы Каламазу қаласының маңында жол-көлік апаты салдарынан сегіз адам қаза тапты.

Оқиға 7 маусым күні жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де орын алған. Сағатына 120 шақырымнан астам жылдамдықпен келе жатқан пикап велосипедшілер тобын қағып кетті.

Көлік жүргізушісі оқиға орнынан ізін жасырмақ болды, бірақ бірнеше минуттан соң полицейлердің қолына түсті.

Алдын ала шамалау бойынша, ер адам алкогольдік мас күйінде болды.

Округ шерифі орынбасарының айтуынша, оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің нақты саны белгісіз болып отыр, алайда олардың арасында балалар да бар болып шықты.

Хабарламаларға жазылу