Айшолпан Нұрғайыпқызы қос бірдей грантқа ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айшолпан Нұрғайыпқызы қос бірдей грантқа ие болды

25.09.2018

Айшолпан Нұрғайыпқызы енді Астанада оқиды. Бүгін «Спектрум» халықаралық мектебінде өткен баспасөз мәслихатында ақжолтай жаңалық жария болды. «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорына қарасты «Спектрум» мектебі атақты бүркітші қызға құны 20 мың доллар тұратын стипендияны ұсынған болатын. Бүгін арнайы сертификатты мектеп директоры Артур Төлепберген табыстады.

Сондай-ақ, Сүлеймен Демирель атындағы университетті де игі істен тыс қалмай, қандасымызға грант ұсынды. Гранттың шартына сай, Айшолпан кез келген мамандық бойынша тегін білім  алуына жол ашық.     

Ғабит БӨКЕНБАЙ   

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу