Әлемге әйгілі болған қазақ қызы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемге әйгілі болған қазақ қызы

20.09.2018

Қазақты әлемге әйгілі еткен 5 адам бар. «Гугл» іздеу жүйесінің мәліметінше, солардың бірі - бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы. Ол Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында тұрады. 13 жасында 18 метр қиядағы бүркіттің ұясына түсіп, балапан алды. Жыл сайын бүркітші қызды көру үшін Өр Алтайға мыңдаған турист барады. Қазақ қызы туралы ондаған фильм түсіріліп, олар әлемнің түкпір-түкпірінде көрсетілді. Тіпті, қандасымызға әлемнің үздік университеттері грант ұсынып, шақырып отыр. Ал, Нью-Йоркте Айшолпан «Азияның батыр қызы» деген марапатқа ие болды. Өзі ғана танылып қоймай, күллі көшпелі қазақ ұлтының символы ретінде төрткүл дүниені тамсандырған қыз атажұртына келуді армандап жүр еді.

 

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу