Бүркітші қыз Айшолпан Астананы аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүркітші қыз Айшолпан Астананы аралады

21.09.2018

Атағы алты құрлыққа таралған бүркітші қыз Айшолпан Астанаға келді. Бүгін ол анасы екеуі елорданың көрікті жерлерін аралап көрді. Алдымен құрметті меймандар «Нұрлы жол» алаңымен жүріп өтті. Кейінірек, «Бәйтерек» монументі, «Ханшатыр» сауда орталығына барып бас қаланың тыныс-тіршілігімен танысты. Айшолпан Нұрғайыпқызы мен анасы Астананың басқа да әлемнің бас қалаларымен тең дәрежеде бой көтеріп, дамып келе жатқанын атап өтті.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу