Саран қаласындағы күн электр станциясының құрылысы желтоқсан айында аяқталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саран қаласындағы күн электр станциясының құрылысы желтоқсан айында аяқталады

19.09.2018

Қарағанды облысының Саран қаласындағы қуаттылығы 100 мегаватт болатын күн электр станциясының құрылысы желтоқсан айында аяқталады. Қазір мұнда Күн сәулесінен қуат жинайтын панельдер орнатылуда. Бұл  Орталық Азиядағы ең ірі станция болмақ. Жалпы аумағы 160 гектар жерге 370 мың панель қойылады.

Станцияның құрылысына  шетелдік инвесторлар қаржы салған. Жоба құны 139 млн. еуроны құрайды. Мұндай әлеуеті күшті станция Ұлыбританияда бар.

Ал, Нидерландыда жуырда іске қосылады. Инвесторлар тың бастаманы Қазақстанның басқа да өңірлерінде жүзеге асырмақ ниетте. Күн энергиясын тұтыну табиғи ресурстарды сақтауға және аймақтағы экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. Саран қаласындағы жоба іске қосылғанда 30 адам еңбекке тартылады. 

Евгений Гребенников,  ЖШС бас директоры:

- Жыл соңына дейін станция құрылысын аяқтауды мақсат етіп отырмыз. Бұл жобаны 2015 жылы қолға алдық. Жұмыс кезең-кезеңімен,ойдағыдай жүруде. Жергілікті билік тарапынан қолдау зор. Жалпы, Қазақстанда шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалған. 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу