Астанада Конституция күніне арналған конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Конституция күніне арналған конференция өтті

29.08.2018

Астанада құқық үстемдігінің, азаматтық қоғам мен мемлекеттің құндылықтарын іске асыру жөнінде ғылыми конференция өтті. Жиында Ата заңның қалыптасу кезеңдеріне шолу жасалып, бүгінгі замандағы Конституцияның ролі талқыланды. Сондай-ақ, қылмыстық саясаттағы заңның үстемдігін арттыру мәселелері де айтылды. Шараға еліміздің Жоғарғы сотының судьялары,  шетелдік заңгер ғалымдар мен дипломаттар қатысты. Бұған дейін Еуразия Ұлттық университетінің заңгер-ғалымдары қоғамдағы бірлік, тұтастық пен татулықты насихататй отырып,  мемлекетіміздегі конституциялық даму жөнінде зерттеулер жасаған болатын. Бүгінгі жиында сол жұмыстардың нәтижесі қорытыланды.  

Жамаладдин Ибраһимов, Еуразия Ұлттық университеті Мемлекет және құқық теориясы конституциялық құқық кафедрасының профессоры:

- Шетелдерден конституциялық кеңестің төрағалары, орынбасарлары, конституциялық сот төрағалары мен орынбасарлары және басқа да сарапшы ғалымдар қатысты. Бүгінгі Конституция мемлекеттің құқықтық дамуына, оның ішінде, мемлекетімізде Ата заңның рөлін арттыруға үлесін тигізетін іс-шара деп ойлаймыз.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу