Ақтөбеде «Күрең берет» иегерлері анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде «Күрең берет» иегерлері анықталды

07.08.2018

Ақтөбеде Ұлттық ұланның 6655 әскери бөліміне қарасты «Ақжар» оқу-жаттығу орталығында сайысқа үміткерлердің біліктілік сынағы өтті. Оған еліміздің әр аймағынан барған «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің әскери қызметшілері қатысты.

Мұндай сынақ түрі жыл сайын еліміздің әр аймағында өткізіледі. Негізгі мақсат - лаңкестіктің жолын кесу, қоғам мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті кіретін «Бүркіт» арнайы жасағы мүшелерінің дайындығын шыңдау. Жалпы, бөлімше құрамында барлық талапқа сай келетін офицерлер мен келісімшарт негізіндегі әскерилер қызмет етіп жатыр. Ал, ерлік пен кәсіби шеберліктің нышанын білдіретін күрең беретті иелену әр сарбаз үшін үлкен жетістік. 

Мақсат Әбеуов, жасақ командирі:

- Бұл жерде шетелдерде, үш жыл оқу-жаттығуларында алған дәрістерін, білімдерін, өнерлерін осы сынақта дәлелдейді. Өтпегендері келесі жылға үміткер болады.

 

Жұлдыз АЛМАСҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу