«Ақсауытта» - «Күрең берет-2015» сынағы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақсауытта» - «Күрең берет-2015» сынағы

22.11.2015
«Ақсауытта» - «Күрең берет-2015» сынағы

Генерал болуды армандамайтын сарбаз жоқ. Әскери өмірдің мәнін ұққан сарбаздар арасында  «күрең берет» бас киімін киюді де мақсат тұтатындары бар.

Сарбаздардың арасындағы элита –арнайы жасақ десек, солардың сапындағы ең мықтысы ғана күрең беретке ие бола алады.

Кең даланы,  тау-тасты түні бойы ассыз-сусыз жүгіріп  өтетін сарбаздар жауынгерге қажетті 30 келіге жуық қапшықты арқалап, 75 шақырымды артқа тастаулары қажет. Бірақ, басты сынақ бұл емес.

Тәулік бойы ұйқы көрмей 70 шақырым жүгіріп өткен соң да, күрең беретке үміткерлердің дамылдауға қақысы жоқ. Қос-қостан бөлінген олар көпдеңгейлі кедергілерден жүгіріп өтуі тиіс.

Ең соңында қалған үміткерлер қос-қостан бөлініп, бір-бірімен 6 минут бойы жұдырықтасса, соңынан 3 минут күрең береттің иегерлерімен кездесуі керек. Мақсат -  жеңу емес, соңына дейін шыдау.

Бүгін 09:00-де «Ақсауытты» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу