«Ақсауыт». Күрең береттілердің қауіпті қызметі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақсауыт». Күрең береттілердің қауіпті қызметі

15.11.2015
«Ақсауыт». Күрең береттілердің қауіпті қызметі

Күрең берет жолындағы бәсеке жыл сайын өтедi. Басты сынға темiрдей төзiмдi, болаттай берiк сарбаздар ғана жолдама алады. Өйткенi, тапсырмалар өте қиын.

Атап айтқанда, жауынгерлер от пен судан тайсалмай, кедергілерді түгел бағындыруға тырысады.  Сынақ алаңы жыл сайын өзгерiп отырады. Мәселен, кейде жiгiттер аптап ыстық күнi шөл далада сынға түссе, келесi жолы тау-тасты кезiп, орман-сулы өңiрлерде кәсiби дайындықтарын дәлелдейдi.

Ал, мәреге жеткендерін азулы «Күрең берет» иегерлерімен жекпе-жек күтіп тұр. Сондықтан, бұл аса ауыр сынақты алпыс бес адамның тек оны ғана бағындыра алды.

Бүгін 09:00-де «Ақсауыт» бағдарламасы күрең берет үшін күрескен жауынгерлердің қауіпті қызметі туралы баяндамақ.

Хабарламаларға жазылу