Петропавлда полицейлер есірткі саудалаған күдіктіні қолға түсірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда полицейлер есірткі саудалаған күдіктіні қолға түсірді

29.01.2020

Петропавлда аса ірі көлемде есірткі сақтап, саудалаған күдікті қолға түсті. Жедел іздестіру шаралары барысында 1,5 мың доза героин табылды. 

Нашаның жалпы құны 3,5 миллион теңгеге бағаланып отыр. Күдікті осыған дейін де істі болған. Ол есірткіні тек таныстарына сатып келген. 

Қазір қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Кінәсі дәлелденсе, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сағындық Сәбитұлы 

Хабарламаларға жазылу