2 килограмм героин тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2 килограмм героин тәркіленді

01.07.2014
2 килограмм героин тәркіленді

Есірткіні шекара асырмақ болған шетел азаматы құрықталды. Күдікті екі келі героинді қазақ-қырғыз шекарасындағы «Сыпатай батыр» кеден бекеті арқылы алып өтпек болған.

Қазақстанға келе жатқан 30 жастағы Қырғыз Республикасы азаматының жүрісі тегін емес екенін Цезарь есімді иісшіл қызметтік ит сол заматында сезіп, шекара күзетіндегілерге хабар берген.

Кейіннен жүргізілген тексеру барысында күдіктінің денесіне жабысқақ лентамен оралған екі шағын орама табылады. Зертханалық сараптама оның ішіндегі ақ ұнтақтың героин екенін анықтап берді.  Құқық қорғаушылардың айтуынша,  қолға түскен азамат есірткіні саудалау үшін әдейі сатып алған көрінеді.

Бауыржан Көмекбаев, Кедендік бақылау департаменті Контрабандаға қарсы күрес басқармасы басшысының орынбасары:

Бұл азамат негізі Қырғыз Республикасында тұратын тәжік ұлтының өкілі. Бұрын сотты болмаған. Бірінші рет есірткі затымен ұсталып отыр. Тергеу жүргізу үшін Жамбыл облыстық Ішкі істер басқармасына жолданды.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу