Риддер қаласында жолаушылар автобусы көпірден құлап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Риддер қаласында жолаушылар автобусы көпірден құлап кетті

02.08.2018

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, жүргізуші рөлге ие бола алмаған. Қоғамдық көлікте бес адам болған.  Олардың бәрі дін аман. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліп, төрт азамат дәрігердің көмегіне жүгінді. Жалпы, республика бойынша бір жыл ішінде қоғамдық көліктердің 200-ден астам жол апаты тіркелген. 

Азамат Райысов, ШҚО ІІД баспасөз қызметінің бас маманы:

- Риддер қаласынан Коноваловка ауылына бағыт алған қоғамдық көлік жүргізушісі рульді басқара алмай, көліктің аударылуына жол берген. Аталған оқиға бойынша полиция қызметкерлері сот алды тексеру амалдарын бастады, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Айдана ДАЙЫРОВА

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу