Батыс Қазақстан облысында жолаушылар автобусы көпірден құлап, төрт адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында жолаушылар автобусы көпірден құлап, төрт адам қайтыс болды

06.04.2015
Батыс Қазақстан облысында жолаушылар автобусы көпірден құлап, төрт адам қайтыс болды

Ішінде 64 жолаушысы бар автобус көпірден Аңқаты өзеніне құлаған. Жолаушылардың дені – Өзбекстан азаматтары. Белгілі болғандай, олардың бәрі жұмыс үшін Мәскеуге бара жатқан.

Төрт адам оқиға орнында жан тапсырса, жағдайы ауыр тағы екі жолаушы Орал қаласындағы облыстық клиникалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматованың айтуынша, жол көлік апаты орын алған жерге санитарлық авиация мен 5 жедел жәрдем жіберілген. Облыстық орталыққа 23 адам түрлі жарақаттармен жеткізілген. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Хабарламаларға жазылу