Татарстанда ірі көлік апатынан 14 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Татарстанда ірі көлік апатынан 14 адам қайтыс болды

03.07.2017

Сенбіден жексенбіге қараған түнде «КамАЗ» автокөлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысты. Соққының қаттылығы сонша, автобус бір жақ жанына құлап, бірден өртеніп кеткен. Ондағы 28 адамның тең жартысы оқиға орнында көз жұмды. Қалған жолаушылар түрлі жарақаттармен аураханаға түсті. Зардап шеккендердің арасында кішкентай балалар да бар. Ал, «КамАЗ» жүк көлігінің жүргізушісі аман. Қайғылы оқиға Татарстанның Зайын ауданында болған. Осыған байланысты кеше республикада аза тұту күні жарияланды. Құқық қорғау органдары 2 бірдей қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарына кірісіп кетті. Алдын ала белгілі болғандай жол апатына автобус жүргізушісінің қалғып кетуі немесе жүк көлігін басып оза бергенде рөлге ие бола алмай қалуы себеп болуы мүмкін.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу