Қазақстан мен Арменияның әріптестігі артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Арменияның әріптестігі артады

04.06.2021

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Армения Президенті Армен Саркисянмен кездесті. Тараптар екі елдің ынтымақтастығы мәселелерін талқылап, өзара іс-қимылдың әлеуеті зор екенін атап өтті. Қазақстан Армениямен келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іс жүзінде жүзеге асырылуына қажетті заңнамалық қолдау көрсетеді. Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулин саяси жүйені реформалау, азаматтық қоғамды дамыту және президент бастамасы бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы айтты. Армен Саркисян Қазақстан Орталық Азияда, сондай-ақ жалпы өңірде болып жатқан барлық үдерістердің белсенді қатысушысы екенін атап өтті.   

Хабарламаларға жазылу