Жерге қатысты жемқорлық әрекеттер елімізде алдыңғы қатарға шығып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жерге қатысты жемқорлық әрекеттер елімізде алдыңғы қатарға шығып отыр

04.05.2018

Оған жергілікті басқару органдарында бос жер телімдері туралы жеткілікті ақпараттың болмауы себеп. Яғни, жауапты азаматтар белгіленген тізімді сақтамай, бос жерлерді өзге мақсатқа пайдалану сияқты фактілер жиілеген. Тіпті, Алматы қаласы бойынша кәсіпкерлерден түскен 9,5 мың арыздың тек 10 пайызы ғана шешімін тапқан.

2017 жылғы көрсеткіш бойынша республика көлемінде жер телімдеріне қатысты 150 қылмыстық іс анықталған. Алдыңғы қатарда - Маңғыстау, Жамбыл және Павлодар облыстары. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында бас қосқан сарапшылар осы мәселенің шешімін табу үшін өңірлерде арнайы ревизиялық комиссия құру туралы шешім қабылдады.

Нұрлан Құдайбергенов, «Атамекен» ҰКП ревизиялық комиссия төрағасы:

-Бұрынғыдай атқарушы органдардың адамдары болмайды. Оның ішінде қоғам белсенділері, депутаттар, кәсіпкерлер палатасының мүшелері болады. Оның тізімін бекітетін өкілетті орган. Мәслихат арқылы бекітеді. Бұрын әкімдік бекіте беретін.

Елдос САПАРҒАЛИ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу