«Алтын белгіге» үміткерлер математикадан қорытынды емтиханды Назарбаев зияткерлік мектебінде тапсырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтын белгіге» үміткерлер математикадан қорытынды емтиханды Назарбаев зияткерлік мектебінде тапсырады

27.04.2022

«Алтын белгіге» үміткерлер математика пәні бойынша қорытынды емтиханды Назарбаев зияткерлік мектептері базасында тапсыратын болады. Бұл өзгеріс түлектер арасында академиялық адалдық пен ашықтықты арттыру үшін жасалып отыр. Себебі өз мектебінің қабырғасында емтихан тапсырып жатқан оқушыға ұстазы көмектескісі келіп тұрады. Оқушылар бұған дейін де, биыл да қорытынды емтиханды 5 пән бойынша тапсырады. Мұндай өзгерістер білім берудегі тәртіп бұзуды болдырмау мақсатында қажет. Өткен жылы пандемияға байланысты «Алтын белгі» иегерлерінің саны рекордтық көрсеткішке жеткен. Олардың арасында білім беру сапасы жағынан төмен облыстар алдыңғы қатарға шықты.

Хабарламаларға жазылу