Қазақстандықтар қара жамылған отбасылардың қайғысына ортақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар қара жамылған отбасылардың қайғысына ортақ

10.01.2022

Ел ағалары мен қайраткерлері де халыққа көңіл айтып жатыр. Отан қорғау жолында қаза тапқан батырлардың есімі ұмытылмауы тиіс дейді олар.

Қуаныш Сұлтанов, Мемлекет және қоғам қайраткері:

Бұл - азалы күн. Неге осылай болды деп ойланатын күн. Сабыр сақтайтын күн. Тек қана желіктеп, ызылдап, дуылдап, анау жоқ, мынау жоқ деп, алды-артына қарамай жүргеннің нәтижесі бола ма? Кішкене сабыр сақтауымыз керек. Не жоқ, нені жасауымыз керек деп ойланатын жағдайлар.

 Қаракөз Сүлейменова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

Қазақ үшін аза тұту, қаза тұту күні. Бұл оңай шаруа емес. Бірақ дәл осы жандарды біз қазақтың батырлары деп айтуға толық құқығымыз бар. Себебі алдыңғы шепке шығып, алдыңғы қатарға шығып, біздің егемендік, бостандық, тәуелсіздік, бейбітшілік үшін өзінің жанын аямай қорғаймыз деп шыққан жандар.


Хабарламаларға жазылу