Шығыс Қазақстанда 1700 гектар жерге егілген күздік бидай үсіп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда 1700 гектар жерге егілген күздік бидай үсіп кетті

26.04.2018

Тағы 5200 гектар алқапқа қауіп бар. «Бұл қатты аяздың салдары»,- дейді мамандар. Аймақта жалпы 31 мың гектар жерге күзгі бидай егілген. Соның 5 пайыздан астамын үсік шалған. Шығыс Қазақстандағы егістік алқаптарының жалпы көлемі 1 миллионнан асады.

Өткен жылмен салыстырғанда егістік алқабының көлемі 41 мың гектарға артқан. «Ал, үсіген егістікке алаңдаудың қажеті жоқ. Ол жерге жаздық бидай егіледі», - дейді мамандар.

Әділет Төлеутаев, ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

- Ақшалай шығынды әлі есептеген жоқпыз. Көктемдік егіс біткеннен кейін комиссия құрамыз. Құрылымда сақтандыру компаниялары болады.

Айдана ДАЙЫРОВА

Хабарламаларға жазылу