Қарағанды облысында алғаш рет күздік егін салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында алғаш рет күздік егін салынды

24.08.2020

Қарағандылық диқандар өңірде алғаш рет күздік егін егуге кірісті. Ол үшін суыққа төзімді тұқым Ресейден жеткізілген. Мұндай бидай түрі 30 градус аязда үсіп кетпейді. Бірақ қар қалың түсу керек. Шаруашылық жетекшісі əуелі сынақ түрінде 130 гектарға егіп көрген. Орташа түсім 40-45 центнерден айналған. 

Ал биыл күздік егіс көлемін бірден он есеге ұлғайтты. Диқандардың айтуынша, жаңбыр болмаған жылдары өнім аз шығады. Сондықтан көпшілігі тəуекелге бел буады. Ал күздік егістің тиімділігі сол - көктемгі ылғалдан қажетін алып, шілде айында бидай піседі. Қыс бойы қардың астында жататын бидай жазда бітік шығу үшін диқандар тұқымды дəрілеп жатыр.

Нариман Жаппар, ғылыми қызметкер:

- Бидайға көмектеседі. Олар ауырмайды, өнімділігіне көмектеседі. Бұл бактерияларды өзіміздің Қазақстанның жерінен шығарып, соның арасынан ең мықтысын таңдап алып, соны осы жерде қолданып жатырмыз.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу