Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі егіс науқаны жүріп жатыр (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі егіс науқаны жүріп жатыр (ФОТО)

18.05.2016
Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі егіс науқаны жүріп жатыр (ФОТО)

Солтүстік Қазақстанда көктемгі егіс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биылғы жылы аймақта ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге 4 млн 366 мың гектар жер бөлінген, соның ішінде 3 млн астам жерге бидай егіледі.

Дихандар қазіргі уақытта егіс танабының 10 пайызына тұқым септі.

«СҚО-да егін егу науқанына 10 мамырда кірісті. Бүгінде солтүстікқазақстандық дихандар 400 мыңнан астам гектар жерге екті. Бұл 10 пайыз. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының ауданы 4 млн 366 мың гектар жерді құрайды, соның ішінде 3 млн 210 мың гектар жерге дәнді дақылдар, 469,7 - майлық дақылдар егіледі. Ағымдағы жылы күздік дақылдардың аумағы көбейтіліп, 47 мың гектарды құрады. Тұқыммен толық көлемде қамтамасыз етілдік. Көктемгі егістік жұмыстарға жоғары өндірісті кешеннің 1140 бірлігі жұмылдырылған», - деп ақпараттандырды СҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Омаров.

Оның айтуынша, облыс шаруаларында жанар-жағармай материалдарымен байланысты проблемалар жоқ. Биылғы жылы 65 мыңнан астам тоннасы  сатып алынды.

Солтүстік Қазақстанда егістік науқанды агротехникалық мерзімдерге сәйкес 5 маусымға дейін аяқтау жоспарланған.

Хабарламаларға жазылу