«Қазгидромет» 6 облысқа ескерту жариялады
Алдағы 5 күнде Қазақстанның 6 облысын су басуы мүмкін. Бүгін «Қазгидромет» осындай дабылды ескерту жариялады. Атап айтсақ, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жаңбырдан кейін тау өзендері тасуы ықтимал. Сондай-ақ, Алматы өңірінде және қаланың өзінде болатын жауыннан өзендер арнасынан асуы мүмкін. Синоптиктер алдағы 4 күнде Павлодар аймағында да жауын-шашын болады деп болжап отыр. Сонымен қатар, Шүлбі қоймасынан шығарылатын су көлемінің ұлғаюынан және қарғын судың жиналуынан өзен маңындағы жерлерді су басу қаупі төніп тұр. Қарағанды облысында да су деңгейі көтеріледі. Ал, Шығыс Қазақстанда күннің жылынуы мен және жауын-шашынға байланысты тау өзендері тасып, арналар бөгеліп, елді мекендер су астында қалуы мүмкін.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қостанайда ауыл тұрғыны 5 мыңға жуық кітап оқыған
28.07.2026, 13:12
Қазақстандық студент АҚШ-та беделді ғылыми марапатқа ие болды
28.07.2026, 13:10
Франция мен Испанияда өртпен күреске мыңдаған маман жұмылды
28.07.2026, 13:09
Алакөл жағалауында қауіпсіздік күшейді
28.07.2026, 13:08
Алматыда үш бағытты тоғыстырған ғылыми зертхана ашылды
28.07.2026, 13:06
СҚО-да кене шаққан тұрғын дақ безгегін жұқтырды
28.07.2026, 13:06
Түркістанда қоршаған ортаны ластағандарға 65 миллион теңге айыппұл салынды
28.07.2026, 13:05
Австралияда 60 жылда алғаш рет жаңа мұнай өңдеу зауыты салынбақ
28.07.2026, 13:04