Жақын күндері Астанадан шығатын жолдар жабылмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жақын күндері Астанадан шығатын жолдар жабылмайды

26.03.2018

Жақын күндері Астанадан шығатын жолдар жабылмайды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамының департамент директоры Төлеген Абдуллин хабарлады. Соңғы күндері ауа райының қолайсыздығынан, атап айтқанда, көктайғақтың кесірінен Астанадан барлық бағытта қалааралық қатынас уақытша тоқтатылған болатын. Қазіргі уақытта республика көлемінде барлық жерде жолдар ашық. Синоптиктердің болжауынша, тек апта соңында бас шаһарда жауын-шашын болуы ықтимал. Жалпы, күн райы бір қалыпты болып, күндіз 0-2 градус, түнде 10 градусқа дейін төмендейді деп болжанып отыр.   

Төлеген Абдуллин, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ департамент директоры:

- Өткен тәулікте қар аралас жаңбыр жауғандықтан, кешкі тоғыздан таңғы жетіге дейін Ақмола облысы бойынша барлық көлік құралдарына жолға шығуға уақытша тиым салынған болатын. Алайда, біз «Қазгидромет», Төтенше жағдай қызметі және полициямен тығыз байланыста болғандықтан, алдағы аптада дәл осындай жағдай қайталанбайды деп айта аламыз.       

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу