Бқо-да көкжөтел жұқтырған 7 жағдай тіркелді
Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері көкжөтел жұқтырған 7 жағдай тіркелді. Барлығы да 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталған. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады. Ауру көбіне балабақшаға немесе мектепке бармайтын балалар арасында және Орал қаласында тіркеліп отыр. Ауырған балалардың барлығы вакцина алмаған. Екі жағдайда ата-аналар екпеден бас тартқан, ал бес бала әлі екпе алатын жасқа жетпеген. Жалпы көкжөтел кезінде 6–20 күнге дейін жасырын кезең саналады. Ал дем алуы қиындайтын уақыт бір айдан да ұзаққа созылуы мүмкін. Сондықтан көкжөтелдің алдын алып, уақтылы вакцина салдыру қажет дейді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері. Айта кетейік, вакцинация ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес, жоспарлы түрде баланың 2 айында, 3, 4 және 18 айында жүргізіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы