Басты Жаңалықтар Антифрод жүйесінің арқасында 2,5 млрд теңге өз иесіне қайтарылып, 300 мың сим карта бұғатталды

Антифрод жүйесінің арқасында 2,5 млрд теңге өз иесіне қайтарылып, 300 мың сим карта бұғатталды

Антифрод жүйесін орнату нәтижесінде былтыр алаяқтар қолды қылмақ болған 2,5 млрд теңгеден астам қаржы өз иелеріне қайтарылды. Бұл көрсеткіш екінші деңгейлі банктермен бірлесіп енгізілген антифрод жүйесінің тиімділігін көрсетеді дейді Ұлттық Арнадағы «Ашық алаң» бағдарламасына сұхбат берген киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы. Аталған жүйе күмән тудыратын қаржылық операцияларды автоматты түрде анықтап, уақытша тоқтатуға мүмкіндік береді. Егер тексеріс барысында күмәнді әрекеттер расталмаса, ақша аударымдары қайта жүргізіледі. Ал заңбұзушылық белгілері анықталған жағдайда, қаражат бұғатталып, зардап шеккен азаматтарға қайтарылады. Сонымен қатар, байланыс операторларымен бірлескен жұмыс аясында 2023 жылдан бері шетелден келген, бірақ Қазақстан аумағында тіркелген абоненттік нөмірлер арқылы жасалған 100 млн-нан астам қоңырау бұғатталған. Бұл – әрбір азаматқа кемінде бірнеше рет алаяқтық әрекет жасалуы мүмкін болғанын көрсетеді. Сондай-ақ, былтыр 100 мыңнан астам тіркелмеген SIM-карта тәркіленген. Бұл шаралар киберқылмыстың алдын алуға бағытталған.

Бөлісу