Басты Жаңалықтар «Superstar Kz»: Кастинг 9 қалада өтеді

«Superstar Kz»: Кастинг 9 қалада өтеді

Аты аңызға айналған «SuperStar KZ» жобасын «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы жаңа форматта қайта көрерменге ұсынады. Алғаш рет 2003 жылы эфирге шығып, қысқа уақыт ішінде көрермен ықыласына бөленген еді. Жаңартылған маусым – жаңа есімдер мен жаңа таланттарды ашуға бағытталған. Осыған орай еліміздің түкпір-түкпірінен талантты жастарды іздеуге арналған ауқымды кастинг жариялайды. Музыкалық шоуға өнерге құштар, жасы 16-25 аралығындағы кез келген азамат қатыса алады. Офлайн кастинг алдағы сенбі яғни 4-26 сәуір аралығында 9 қалада өтеді. 4 сәуір – Шымкент, 6 сәуір – Ақтау, 8 сәуір – Ақтөбе, 10 сәуір – Семей, 12 сәуір – Павлодар, 15 сәуір – Қостанай, 17-18 сәуір күндері Астана қаласы, 20 сәуір – Қызылорда және 25-26 сәуір Алматы қаласында байқаудың алғашқы кезеңіне қатыса аласыз. Офлайн кастингке қатыса алмаған жағдайда, үміткерлер @superstarkz Telegram арнасы арқылы онлайн форматта өтініш бере алады.

Бөлісу