Семейде борышкерлер жарықтан ажыратылуда
Семейде жылуға қомақты қарызы барлардың пәтерлері электр қуатынан ажыратылуда. Алғашқы рейд шаралары барысында «Жылукоммунэнерго» кәсіпорны берешегі бар 50 абонентті жарықсыз қалдырмақ. «Мұндай қадам заңға қайшы келмейді», - дейді коммуналдық мекеме қызметкерлері. Абоненттер жылуға қарызды толық өтегеннен кейін ғана электр қуатына қайта қосылады. Бүгінде заңды және жеке тұлғалардың «Жылукоммунэнерго» кәсіпорнына берешегі 900 млн. теңгеге жеткен.
Гауһар Жетпісбаева, «Жылукоммунэнерго» МКМ басқарма басшысы:
- Оның 70 пайызы тұрғындардың қарызы. Бүгінгі таңда қарызы бар 2,5 мың абонентке қатысты сот шешімі бар. Олардың жалпы берешегі 130 млн. теңге.
Дарын САҒИТОВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нинбо қаласының мәдени және туристік әлеуеті таныстырылды
11.11.2026, 10:08
Үшжақты келіссөз бүгін де жалғасады
11.11.2026, 10:07
Қазақстан климаттық инвестиция тарту жөніндегі платформаны іске қосты
11.11.2026, 10:06
Елдің бірқатар өңірінде қар, тұман және көктайғақ болады
11.11.2026, 10:05
Нөсер жауын жұртты әбігерге салды
11.11.2026, 10:04
Нөсер жауыннан көшелерді су басты
11.11.2026, 10:03
Халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланды
11.11.2026, 10:01
Президент Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысына қатысу үшін Мәскеуге барды
11.11.2026, 10:00