Қазақстан климаттық инвестиция тарту жөніндегі платформаны іске қосты
Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан СОР 31 халықаралық конференциясы аясында Қазақстан климаттық инвестициялар тарту жөніндегі платформасын таныстырды. QCIP атты платформа мемлекеттік органдарды, халықаралық қаржы институттары мен инвесторлардың басын қосып, климаттық қаржыландыруды үйлестіру мен тартуға бағытталған ұлттық жоба. СОР31-дегі Қазақстан алаңында, сондай-ақ, QаJet платформасы да іске қосылды. Бұл платформа елімізде дәстүрлі қуат көздерінен біртіндеп бас тартып, жаңартылатын энергия өндірісін арттыруға бағытталған. Бұл бастама еліміздің Энергетика, Экология және табиғи ресурстар министрліктері мен Еуропалық қайта құру және даму банкі қол қойған меморандум аясында жүзеге асып отыр.
Хусейн Өзхан, Еуропалық қайта құру және даму банкінің Орталық Азия және Моңғолия бойынша басқарушы директоры;
Еуропалық қайта құру және даму банкі халықаралық қаржы институттарының, грант берушілер мен өзге де серіктестердің жұмысын үйлестіруге қолдау көрсетеді. Жаңа платформа жаңартылатын энергия жобаларын іске қосуға ықпал етеді. Біз Қазақстанда қуаты 1 гигаваттық «Мирный» жел электр станциясы мен энергия сақтау жүйесін салу жобасына 550 млн доллар көлемінде қаржы бөлуді мақұлдадық. Сондай-ақ, биыл Алматыға электр қуатын тарату компаниясын қаржыландыруға қолдау көрсеттік.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы